«Ы» әрпіне арналған ескерткіш ашылды

29 Сәуір, 14:28 15650

Бішкекте қала күнінде «Ынтымақ» саябағында Қырғызстанның қасиетті және мағыналық анықтамасына арналған ескерткіш – «Ы әрпі» арт-нысаны ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Арт нысанның Бішкек мэриясы мен «Ресей газетінің» атсалысуымен Қырғызстан астанасының туған күніне орай қойылған. 

Ескерткіш арнайы QR-кодпен жабдықтал. Код арқылы өтіп, Қырғызстан туралы ақпаратпен екі – мемлекеттік қырғыз және ресми орыс тілдерінде танысуға болады. Онда Қырғызстанның географиясы, тарихы мен халқы туралы мәліметтер, сондай-ақ қырғызша-орысша сөздік орналастырылады.

Қырғыз-орыс сөздігінде «Ы» әрпінен басталатын 600 сөз бар. Қырғыз тілінде «Ы» дыбысының болуының арқасында «Қырғыз», «Қырғызстан», «қырғыз халқы» сынды бренд сөздер айрықша танымалдылыққа ие болған. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: