WorldSkills қатысушылары еңбек нарығында сұранысқа ие

16 Қараша, 16:48 419

Жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін маңызды. WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатында қазақстандық колледждердің басшылары осындай пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, Орал университетінің студенті Роман Юсупов WorldSkills қазақстандық чемпионаттарының бірінде жеңіске жеткеннен кейін еліміздің атынан әлемдік біріншілікте қатысуға мүмкіндік алып, ол жерде 4 орынға ие болды. Бағдарламалаудағы білімдері мен жаһандық деңгейде сәтті өнер көрсетуінің арқасында жас маман бірден көзге түсіп, оған ERG компаниясында жұмыс ұсынды. Қазір Роман WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатында тәуелсіз сарапшы ретінде қатысып жатыр.    

Мұнда ұсынылған әрбір жұмысшы мамандығы біздің еліміз үшін маңызды. Өнеркәсіп дамып келеді, оған кәсіби кадрлар қажет. WorldSkills стандарттарын енгізу бұған ықпал етеді. Чемпионат аяқталғаннан кейін жеңімпаздарға жұмыс берушілерден ұсыныстар түседі. Сондай-ақ олар халықаралық деңгейде өз шеберліктерін көрсете алады. Бұл оларға болашақта халықаралық компанияларға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Сондықтан WorldSkills қозғалысы – бұл біздің қатысушыларымыз, мамандарымыз үшін үлкен тәжірибе, — деп атап өтті Көкшетау қаласы Жоғары техникалық колледжі басшысының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Нартай Ибраев.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: