12 Желтоқсан 2014, 13:47
Астанада, Ұлттық картиналар галереясында 10-17 желтоқсан күндері аралығында WorldPressPhoto 2014 көрмесі өтуде.
Көшпелі бірегей экспозиция фотожурналистиканың дүниежүзіндегі ең беделді WorldPressPhoto байқау жеңімпаздарының 140-қа жуық жұмыстарын қамтиды. Қазақстандықтар көрмені Астанада 10-17 желтоқсан аралығында және Алматыда 21-31 желтоқсан аралығында тамашалай алады.
WorldPressPhoto – бұл негізінен кәсіптің стандарттарын айқындайтын, фотожурналистиканың жыл сайынғы ең беделді Халықаралық байқау. Жыл сайын БАҚ-тың кәсіби фотографтары мен фоторедакторларынан тұратын халықаралық тәуелсіз жюри әлемнің түкпір-түкпірінен фотожурналистермен, агенттіктермен, газеттер және журналдармен ұсынылған үміткерлердің жұмыстарын әр түрлі тоғыз санатта бағалайды. Жұмыс жасаған екі аптаның ішінде жюри мүшелері әлемнің 124 мемлекетінен 5 666-дан астам автордың 103 мыңнан астам фотосуретін қарап шықты. 2014 жылғы ақпан айында Амстердамда конкурстың финалы 57-ші рет өткізілді. Орташа алғанда жыл сайын бұл көрмені шамамен екі миллион адам тамашалайды.
Астанаға келген 140 шығарманың арасындағы ең үздіктер жиынтығы төменде ұсынылған:
Джон Станмайер, Сигнал
Джибути сити, Джибути
Джибути қаласындағы мигранттар теңіз жағасында тұрып, көрші Сомалидегі туысқандарымен сөйлесу үшін сол елдің телефон компанияларының арзан сигналын іздеп тұрған кезі. Сомали, Эфиопия, Эритреа секілді елдердің мигранттары үшін Джибути арқылы транзитпен Еуропа мен Таяу Шығыс елдеріне өту көптен қалыптасқан әдет.
Дакка, Бангладеш
Бангладештегі Рана Плаза ғимаратының құлауынан кейін, үйінділер астындағы құрбандар. Ғимаратта 5 киім тігу фабрикалары жұмыс істеген көрінеді, бірақ бұл екі кісінің бір-біріне деген байланысы белгісіз.
Бұл апат орын алғаннан кейін табылған құжаттар мен туысқандардың анықтауы бойынша 800 адамның денесі анықталды. Басқа табылған денелерді анықтау үшін туысқандар ДНК тестісінен өтіге мәжбүр болды. Дегенмен, талай адам денелері анықталмай да қалды. Рана Плаза ғимаратының құлауы әлемдік өндіріс тарихындағы ең үлкен апаттардың бірі болды.
Тегеран, Иран
Алиреза Мафиха (23 жас, сол жақтан екінші), өзін дарға асатын адамның кеудесіне басын қойып жылауда. Бірнеше минуттан кейін оны және Али Сарвариді дарға асады. Бұлар адамды пышақтап, 15 Еуро көлемінде заты бар дорбасын ұрлағаны үшін сотталған.
Лайза, Качин, Бирма
Качин Тәуелсіз Әскерінің жауынгерлері командирлерінің бірінің жерлеу рәсімінен кейін ән айтып, ішімдік ішіп жатқан сәті.
Батыс Бенгаль, Индия
Зағип жандарға арналған Вивекананда миссионерлік мектебінің альбинос оқушылары жатақханада. Мектеп көзі көрмейтін балаларға өмірлік қажетті дағдыларды үйретеді. Әйтпесе, бұл балалардың көшеде қайыр сұрағаннан басқа қолдан келетін ісі жоқ.
Готенбург, Швеция
Надя Касадей жетісайыс бойынша Еуропа мен Әлем чемпионатының қатысушысы, 2013 жылы лимфо бездерінің қатерлі ісік ауруына шалдыққанын біледі. Ол өзінің қатерлі ауруына қарамастан өз спорттық режимін бұзбай, тіпті химиатерапия кезінде жаттығуларын жалғастырады. Надя 2016 жылғы Рио-Ди-Жанейродағы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті.
Халейва, Оаху, Гавайи
Сүңгу қауіпсіздігінің офицері Оушен Ремзи Халейва аралдарының маңында скуба-дайвинг құралдарын қолданбай акулалардың арасында жүзіп жүр. Ремзи акулалардың арасында ешқандай қауіпсіздік құралдарын қолданбай жүзеді. Бұл іс-әрекетінің мақсаты – адамдарды акулаларды аяуға шақыру.
Кебили, Тунис
Ересек фенек түлкісі қойдың қорасында байлаулы тұр. Бұл түлкі күшік кезінде ұсталып, адамдар үй жануары ретінде асыраған. Иттер тұқымындағы ең кішкентай жануар болғандықтан, Африкада фенектер күшік кездерінде жиі үй жануарлары ретінде сатылады.
Дайындаған: Нұрғазы Абжанов