«Winter Cup»: Қола жүлде «Ақтөбе» клубына бұйырды

21 Ақпан, 18:03 999

Бүгін Түркияның Белек қаласында футболдан Winter Cup аясында қола жүлде үшін матч өтті. Үшінші орын үшін таласқа Семейдің «Елімай» клубы мен «Ақтөбе» таласты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аса тартысты өткен матчта жанкүйерлер 4 голға куә болды. Бірінші таймда «Ақтөбе» сапынан  нигериялық шабуылшы Элеке Чибуике Блессинг есеп ашса, француз футболшысы Квентин Корнетт таразы басын теңестіріп үлгерді.

Ал екінші кезеңде  Дмитрий Шомко әуелетіп берген добын  Дэвид Майком тиімді пайдаланған. Бірақ «Елімай» бұл басымды соңына дейін ұстап тұра алмады. 

Максим Самородов 83-минутта есепті 2:2-ге жеткізді. Ал пенальти сериясында «Ақтөбенің» жолы болды.  

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астана уақытымен сағат 20:30да «Ордабасы»мен «Тобыл»  Winter Cup финалында жолығады. Ойынды отандық «Qazsport» және PFLKTV YouTube арналары тікелей эфирде көрсетеді.

«Ақтөбе» (Ақтөбе) – «Елімай» (Семей) – 2:2,пенальтиден – 3:2

Голдар: Чибуике Блессинг 18, Максим Самородов 85 – Квентин Корнетт 43, Давид Майком 59

«Ақтөбе»: Игорь Трофимец (Қ) – Әділхан Таңжарықов, Габи Кики, Дмитрий Бессмертный, Бағдат Қайыров – Леонель Струмия (К), Уче Агбо, Арман Кеңесов – Хосе Севальос, ​Максим Самородов, Чибуике Блессинг;

Резерв: Игорь Шацкий (Қ), Евгений Ситдиков (Қ), Саятхан Құсайынов (Қ) – Аян Байдәулетов, Мирас Уманиязов, Әлішер Кенжеғұлов, Бауыржан Байтана – Амаду Думбия, Жан Жайро;

Бас бапкер: Дмитрий Парфенов.

«Елімай»: Мирослав Лобанцев (Қ) – Дмитрий Шомко (К), Дмитрий Яшин, Иван Шараванья, Николай Золотов – Никита Корзун, Давид Майком, Квентин Корнетт – Роберт Тамб, Опа Нгетт, Иван Свиридов;

Резерв: Рахат Мавликеев (Қ), Денис Кавлинов (Қ) – Сергей Кейлер, Сұлтан Әбілғазы, Берік Айтбаев, Дмитрий Шмидт – Юрий Перцух, Еркебұлан Нұрғалиев, Роман Муртазаев, Мейіржан Жұмаділов, Шина – Жан-Али Пайруз;

Бас бапкер: Андрей Карпович.

21 ақпан, 2024 – 15:30. Белек, Түркия.

Естеріңізге сала кетейік, турнир жеңімпазы 60 миллион теңге алады, ал екінші орын иегері 40 миллион теңге алады. 

Бұрын-соңды отандық клубтардың оқу-жаттығу жиындарына көп көңіл бөлінбеген еді. Командалар қомақты сыйлық ұтып алуға мүмкіндік алса, жанкүйерлер өз клубтарының алдағы футбол маусымына дайындығын көру мүмкіндігіне ие болды. «Елімай» ФК спорт директоры Федор Симинидидің БАҚ-қа берген сұхбатында ҚКФЛ-ға осындай турнирдің ұйымдастырғаны үшін және оған Семей клубын шақырғаны үшін алғысын білдірді. Өйткені бұл жарыс Премьер-лигадағы дебюті үшін дайындалуға көп көмектеседі. Айтпақшы, дебютанттың ел чемпионы «Ордабасыға» қарсы ойынын футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев те тамашалады. Себебі, оның алдында Еуро-2024 іріктеуі аясында Грекияға қарсы маңызды кездесуге ойыншыларды жасақтау міндеті тұр.

Сонымен қатар, ҚКФЛ маусым алдындағы коммерциялық турнирлерді өткізу барысында әлемдегі ең мықты лигалардың дәстүріне айналған озық тәжірибесін қолданады.Winter Cup турнирі қатысушыларының Анталия провинциясында екендігі және қозғалыс ыңғайлылығы ескеріле отырып, «Титаник Делюкс» стадионы таңдалды. Табиғи төсенішпен жабдықталған стадион бір кездері Бундеслига аясында Германия клубтары, Қазақстан мен Молдованың жолдастық ойынын және бірқатар елдер құрамаларының ойындарын қабылдады.

Алмас Абылай
Бөлісу: