Windows 10 орнатар алдында нені білу керек?

19 Тамыз 2015, 06:23

2014 жылы Қытай мемлекеттік мекемелердің Windows 7-ден Windows 8-ге ауысуына қатаң тыйым жасаған болатын. Ондағы басты себеп – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау.

2014 жылы Қытай мемлекеттік мекемелердің Windows 7-ден Windows 8-ге ауысуына қатаң тыйым жасаған болатын. Ондағы басты себеп – мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін сақтау. Ал, күні кеше сатылымға шыққан Windows 10 операциялық жүйесі қолданушылар үшін қаншалықты қауіпсіз (ақпараттың құпиялылығы тұрғысынан), қаншалықты тиімді әрі жаңа жүйені орнатар алдында не нәрсені есте ұстау керек?

ArsTechnika сараптамалық интернет-басылымы жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, Windows 10 өз қолданушыларының деректерін Microsoft серверіне жіберіп тұрады екен, тіпті оның параметрлерін «құпиялылық» режиміне қойғанның өзінде. Бұл OneDrive және Microsoft-тың өзге де сервистері үшін қажет, дейді мамандар. Алайда, OneDrive өшірулі жағдайда және Microsoft есептік жазбасына қосылған жергілікті тораптың (локальная сеть) аккаунты арқылы серверге қосылғанның өзінде Windows 10 операциялық жүйесі деректерді жіберіп тұрады екен. Әйтсе де, Microsoft компаниясы ресми түсініктемеде сарапшылардың бұл пікірін жоққа шығарып отыр. Компанияның ресми түсініктемесінде: «Windows қолданушының рұқсатынсыз жеке деректерді жинамайды. Microsoft сервері Windows-тың жұмысын жақсарту мақсатында және операциялық жүйенің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Windows-тің қолданылуы, диагностикасы мен өнімділігі жөнінде кейбір деректерді жинайды. Microsoft бұл деректерді ақаулар туындаған жағдайда оларды жөндеу үшін пайдаланады,» - делінген.

Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Windows 10 операциялық жүйесін орнатуға нақты шешім қабылдасаңыз, келесі мәселеге назар аударыңыз.

Windows 10 орнату үшін компьютерге қандай талаптар қойылады?

Microsoft-тың ресми парақшасында егер сіздің компьютерінің Windows 8.1. талаптарына сәйкес келетін болса жеткілікті, делінген. Егер бұл ақпарат аздық етсе, төменде жаңа жүйені орнату үшін компьютерге қойылатын талаптардың тізімі келтірілген:

Бұдан бөлек, міндетті түрде Microsoft есептік жазбасы мен интернет қажет болады.

Менің компьютерім бұл талаптарға сәйкес келе ме?

Ия, қарапайым қолданушылар үшін, жоғарыда аталған талаптарды тексеру қиындау. Сол себепті, Microsoft компаниясы Get Windows 10 атты жаңа құрал ойлап тапты. Ол Windows 10 орнатуға болатын барлық компьютерлерде хабарлама ретінде автоматты түрде шығып тұрады. Бастысы компьютерінің интернетке қосылулы және «автоматты жаңартулар» қызметі белсенді болуы керек.

Windows 10 қолданар алдында тағы нені білген жөн?

Егер сіз дәл қазіргі уақытта Windows 7 SP1 немесе Windows 8.1. операциялық жүйесінің қолданушылары болсаңыз, Windows Update жүйесі арқылы Windows 10 жүйесін тегін жаңарта аласыз. Осы кезде төмендегілерді есте ұстаңыз:

Жаңадан шыққан Windows 10 жүйесін біреулер мақтаса, біреулер сынға алып жатыр. Ал, сіз жаңа операциялық жүйе туралы қандай пікірдесіз? 

Ақпарат дереккөздері: lifehackerhi-tech сайттары

Бөлісу: