WBA қазақстандық боксшылардың рейтингін жаңартты

2 Тамыз 2023, 19:32 794

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық боксшылардың орны да өзгерді.

Екінші орта салмақтағы Бек Нұрмағанбет бір саты төмендеген. Бұған дейін ол 9-сатыда тұрса, енді ол 10-орынға жайғасты.

Ал екінші жартылай жеңіл салмақ өкілі Сұлтан Зауырбек жағдайын жақсартты. Ол оныншы орыннан бірден 7-орынға көтерілді.

Естеріңізде болса, Сұлтан шілдеде испаниялық боксшы Джон Картерді үшінші раундта жеңген. Осылайша, ол шаршы алаңда 15-айқасын өз пайдасына шешті.

Берік Арманов
Бөлісу: