Войт, Сталлоне мен Гибсон: Трамп Голливудтағы арнайы өкілдерін тағайындады

Бүгiн, 10:46 256

АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп актерлер Джон Войт, Сильвестр Сталлоне және Мэл Гибсонды Голливудтағы арнайы өкіл қызметіне тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Джон Войт, Мэл Гибсон мен Сильвестр Сталлоне ұлы да мәселесі көп орын – Голливудта (Калифорния штаты) менің арнайы өкілдерім болатынын мақтанышпен хабарлаймын. Олар мықтырақ, жақсырақ болуы үшін жұмыс істейді, — деп жазды Трамп өзінің Truth Social-дегі парақшасында.

Жаңа президенттің сөзінше, өнер иелері өзінің Голливудтағы «көзі мен құлағына» айналады. Ол енді «Голливудтың алтын дәуірі» оралатынына сенімді.

Бүгінде Лос-Анджелес өрт қоршауында. 7 қаңтарда басталған апаттан 24 адам көз жұмып, 16 мың гектардан астам аумақ өртенді. АҚШ президенті Джо Байден штатта төтенше жағдай жариялады. Әзірге шығын 275 млрд долларды құрауы мүмкін деген болжам бар.

Трамп жергілікті билікті, соның ішінде Калифорния штатының губернаторы, демократ Гэвин Ньюсомды кінәлап, жақын күндері штат аудандарына баратынын айтты.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: