Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп келіссөздер өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТАСС агенттігінің мәліметінше, екі мемлекеттің басшылары арасындағы әңгіме туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл Ресей мен АҚШ басшыларының соңғы үш жылдағы алғашқы әңгімесі болды. Ресей президенті Трамптың алдындағы АҚШ басшысы Джо Байденмен соңғы рет дәл осы күні – 2022 жылдың 12 ақпанында сөйлескен.
Жуырда ғана Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың телефон арқылы сөйлесуі аяқталды. Бұл өте ұзаққа созылған әңгіме болды, ол шамамен бір жарым сағатқа созылды, – деді Песков.