Витрувиан адамы туралы не білеміз?

30 Қазан 2015, 11:23

Витрувиан адамы – Леонардо да Винчидің 1490-1492 жылдары Витрувий еңбектеріне арналған иллюстрация ретінде салған суреті.

Витрувиан адамы – Леонардо да Винчидің 1490-1492 жылдары Витрувий еңбектеріне арналған иллюстрация ретінде салған суреті. Ол суретте бір жалаңаш ер адамның екі түрлі күйде тұрғаны бейнеленген: біреуінде қолын жанына қарай, екіншісінде қолымен керіп тұр.

 

Сурет салуда қауырсын, сия, акварель және металл қарындаш қолданылады. Өлшемдері: 34,3 х 24,5 сантиметр. Қазіргі таңда сурет Венециядағы Академия галереясында тұр.  

Витрувиан адамы – әрі ғылыми еңбек, әрі өнер туындысы.

Өз журналдарының бірінде Леонардо суретпен бірге түсініктеме жазбалар да берген.  Сурет пен мәтінді кейде пропорция ережелері деп те атайды. Суретті зерттей келе, қолдар мен аяқтардың комбинациясы шын мәнісінде төрт күйді көрсететінін аңғаруға болады. Екі қолды жанға жіберіп, аяқтарын бірге ұстап тұрған күй квадраттың ішіне сыйып тұр. Ал қолдарын керіп, аяғын ашық ұстап тұрған күй шеңбердің ішіне сыяды.

Леонардоның жазбаларына сәйкес, бұл сурет адам (ер адам) денесінің пропорцияларын анықтау үшін салынған. Оған антикалық архитектор Витрувийдің «Архитектура туралы» трактаты арқау болған.

Ұзындықтары бойынша: 

Ал адам кіндігі – шеңбердің ортасы.

XV ғасырдағы адам денесіндегі математикалық пропорциялардың қайта ашылуы италиялық ренессанстың алғышартына айналған ұлы жаңалықтардың қатарына енді.

Өнер сымбаттылыққа, ұйқастыққа және гармонияға ұмтылады. Біз оларды архитектуралар мен мүсіндердегі пропорциялардан, бұйымдар мен фигуралардан, көркем суреттердегі түстердің үйлесімінен, поэзиядағы ұйқастан таба аламыз. Бұл қасиеттерді адам ойлап тапқан жоқ. Оларды табиғаттың өзі жасады. Осындай пропорциялардың бір түрі өнер саласында жиі кездеседі. Оның аты – «алтын кесік». Алтын кесік ежелгі кезеңде де қолданылған. Мысалы, Евклидтің «Бастама» кітабында ол бес- және онбұрыштарды жасауда пайдаланылған. Аталмыш «Алтын кесік» терминін Леонардо да Винчи енгізген.  


Дәурен Омаров

Бөлісу: