Виктор Цойдың ұлы әкесі туралы бейнебаян түсірді

16 Мамыр, 09:37 875

15 мамыр күні музыкант Саша Цой «Часть меня, которой нет» әніне бейнебаянын көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейнебаян толықтай «Кино» тобының көшбасшысы Виктор Цойдың видеомұрағатынан жасақталған.

Кадрдан: құмды дауылдан қашып бара жатқан Цойдың достары, саяжай, АҚШ-қа сапар және Виктор Цой қаза тапқан жол апаты алдындағы Латвиядағы демалысты көруге болады. Бұған дейін бұл видео еш жерде жарияланбаған.

Әнді гитарамен «Кино» тобының мүшесі Юрий Каспарян сүйемелдеген. Құпия мұрағатта ол да бар.

Бейнебаянның анықтамасында әні мен сөзін Саша Цойдың өзі жазғаны көрсетілген. Пікір қалдырушылар өнер иесінің бұл туындысына алғыс білдіріп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: