Виктор Друзин әртістік жүзуден әлем кубогінде алғаш рет қола жүлде жеңіп алды

7 Сәуір, 10:17 690

Әртістік жүзуден Қытайда өтіп жатқан әлем кубогінің алғашқы кезеңінде Қазақстан қоржынына тағы бір медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Ерлер арасындағы жекелей сында қазақстандық Виктор Друзин қола жүлдегер атанды. Ол өз жаттығуы үшін төрешілерден 161.5771 ұпай алған. 

Алтын медальді италиялық Филиппо Пелати (174.5979), күмісті испаниялық Жорди Иглесиас (163.5543) еншілеген. 

Айта кетелік, Қытайдағы әлем кубогі кезеңінде қазақстандықтар Эудард Ким мен Наргиза Болатова күміс медаль жеңіп алды. Олар жұптық сында өнер көрсетті. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: