«Vidar» камерасы үш айда 345 миллион теңгенің айыппұлын тіркеді

27 Сәуір 2023, 12:35 753

Жетісу облысында жол ережесін бұзған көлік жүргізушілерін бақылайтын «Vidar» камерасы үш айда 345 миллион теңгенің айыппұлын тіркеді, - деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Талдықорған қаласы маңындағы және облыс орталығындағы 8 бекеттегі 18 бейнекамера жол ережесін бұзған көліктерді жаппай тіркеуде.

Биылғы жылдың 1 тоқсанында жүргізілген талдауға сәйкес «VIDAR» камералары 14814 заңбұзушылықты тіркеді. Осы бұзушылықтарға жол берген автокөлік құралдарының жүргізушілеріне жалпы сомасы 345 278010 теңгеге айыппұл салынып, 260 миллионнан астамы өндірілді,- деді Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Жетісу облысының полициясы жүргізушілерге ақпаратты назарға алуға және ҚР Жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: