VI. Әліпби әңгімесі

1 Наурыз 2014, 08:10

Жазу реформасының реті бірнеше сатыдан тұру керек. Соның ең бастысы - алдымен, кешіріңіздер, «сауат ашып» алу.

Жазу реформасының реті бірнеше сатыдан тұру керек. Соның ең бастысы - алдымен, кешіріңіздер, «сауат ашып» алу. Арамызда «Астапыралла, неғылған сауат ашу, мектеп түгілі  қалтамда қос институттың дипломы бар» деп қалатындар табылып қалатыны сөзсіз. Дегенмен, сабыр-сабыр. Сөз жоқ, ми [mi] емес, мый [mɪy] екенін, су [su] емес, сұу [suw] екенін, ащы емес ашшы т.с.с. екенін көбіміз біле бермейміз (ұмытып қалдық немесе ұмыттырып жіберді). Бұлар – ең қрапайым мысалдар. Мұндай мысалдардың тілімізде ұшы-қиыры жоқ. «Сауатсыз» болып қалғанымызға да біз кіналы емеспіз, бізді солай сауатсыз етті. Немесе қазақтың еркін кең тыныспен айтылатын сәнді ашшы, тұшшы, кешше сөздеріндегі қос дыбыстың орнына төркіні бөлек тұншығыңқы щ дыбысын қойып айта алатын қазақ табылар ма екен. Бар болғаны үш сөздің ерсі жазылымына бола басы артық емле-ереже алып, бас қатырып отырғанымызды қозғамай-ақ қойдық.

Ендеше, алдымен сабыр сақтап, сауат ашып алуымыз керек. Сонан соң барып жазу реформасын, оның ішінде әліпби ауыстыру да бар, бастау керек.

Сонымен ұлттық әліпби жоба (3.1 кесте):

                                    

    3.1 кесте. Қазақ латын әліпбиінің «Ұлттық жобасы»


кирил

латын

ата-луы

кирил

латын

ата-луы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

А а

Ә ә

Б б

Ғ ғ(-Г г)

Д д

Е е

Ж ж

З з

Й й

Қ қ(-К к)

Л л

М м

Н н

A a

Ä ä

B b

Ğ ğ(-G g)

D d

E e

J j

Z z

Y y

Q q(-K k)

L l

M m

N n

а

ә

бы

ғы(-гі)

ды

е

жы

зы

ый

қы(-кі)

ыл

мы

ны

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Ң ң

О о

Ө ө

П п

Р р

С с

Т т

У у

Ұ ұ

Ү ү

Ш ш

Ы ы

І і

Ň ň

O o

Ö ö

P p

R r

S s

T t

W w

U u

Ü ü

Š š

І ɪ

İ і

ың

о

ө

пы

ыр

сы

ты

ұу

ұ

ү

шы

ы

і

 

Осы саланың білікті мамандарының бірі Серік Ерғали ініміз www.abai.kz сайтында менің әліпби жобамды жариялап жіберген екен. Інімізге, рахметтен басқа айтарым жоқ. Жоба едәуір пікір таласын тудырыпты: қолдап жатқандар бар (көп рахмет!), қорлап, намысқа тиіп жатқандар тағы жоқ емес (интернетте бейтәртіп еркіншілік қой, ешкімнің аузына қақпақ, қолына байлау бола алмайсың). Көпшілік болған соң әрнәрсені күтуге болады. Дегенмен, қолдаушылар жағының басым екендігі - көңілге демеу.

Ұсынылған әліпби «Ұлттық жоба» деп аталады, өйткені ол ұлт жазуына арналған. Сайтта берілген жоба көшірмесінде бірер жаңсақтық кетіп қалыпта: і таңбасы қос нүктелі ï болып кетіпті, ал ұ және ү дыбыстарына ü деп бір-ақ таңба беріліп кетіпті. Соның салдарынан оқырмандар арасында «бұл қалай» деген түсінбестік туып қалған.

Әліпби «Жоба» деп аталады, ендеше ол біткен жұмыс болып саналмайды. «Жоба» деген түзетілуі мүмкін, жетілдірілуі мүмкін, тіптен, қабылданбай да қалады. Сондықтан «Жобаға» тек ұсыныс деп қана қарау керек. «Жоба» қазақ сөзінің үндесім әуезін, морфем құрамын, буын тұрқын, тасымал жігін бұзып жазуға еш мүмкіндік бермейді. «Жоба» мазмұнынан ешқандай тіл бұзар (бүлдіргі) жаңсақ айтылым емле-ереже туындамайды.

Әлімхан ЖҮНІСБЕК, «Қазақ  жазуы:
төл дыбыс – төл әліпби», 2013 ж

Бөлісу: