Венесуэлада шахта опырылып, 16 адам көз жұмды

24 Ақпан, 11:06 1001

Венесуэланың Боливар штатында заңсыз жұмыс істеп жатқан «Булья Лока» шахтасы опырылып, адамдар қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті Ultimas Noticias басылымының мәліметінше, қаза тапқандар саны 16 адамға жетсе, тағы осынша адам жарақат алған.

Дереккөз 208 адам апат орнынан эвакуацияланып, қазір іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатқанын жазған.

Өңір губернаторы Анхель Марканоның сөзіне қарағанда, зардап шеккендердің кейбірі медициналық тексерістен соң үйлеріне жіберілсе, енді бірі Сьюдад-Боливардағы Руиса және Паэса ауруханасына, сонымен қатар Сьюдад-Гуаянадағы Уяпар ауруханасына жатқызылған.

Жансая Әділбек
Бөлісу: