Венада қазақ киносының күндері өтті

8 Қараша 2023, 20:13 715

Қазақстан Республикасы Күнін мерекелеу аясында Венаның «Штадкино» атты орталық кинотеатрларының бірінде қазақстандық «Дос Мұқасан» және «Паралимпиец» фильмдерінің көрсетілімі өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Көрсетілім Қазақстанның Аустриядағы Елшілігі, Қазақстан киносының Француз қауымдастығы және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, сондай-ақ «EduStream» білім беру орталығының қолдауымен ұйымдастырылды. Кино күндеріне дипломатиялық корпус, БАҚ өкілдері, Аустрияның қоғам қайраткерлері, сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Көрермендер қазақ кино өнерінің тарихы мен даму деңгейімен таныстырылды.

Бізге «Паралимпиец» фильмі қатты ұнады. Орталық Азия аймағының мәдениеті мен тарихын жақсы білетін ұлымды өзіммен бірге алып келдім. Фильм өте эмоционалды болды және сценаристтің жақсы жұмысын атап өткім келеді, – деді Францияның ЕҚЫҰ жанындағы тұрақты өкілі Фатен Бенабиле-Фое.

Берік Арманов
Бөлісу: