Велотректен ұлттық құрама Олимпиада лицензиясын иеленді

14 Мамыр, 21:13 6459

Қазақстан құрамасы велотректен Париж Олимпиадасының 1 жолдамасына ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл лицензия жеке спортшының өзіне емес, ұлттық федерацияға беріледі.

Айта кетейік, Қазақстан атынан баратын спортшы кейрин және спринт дисциплинасында бақ сынай алады.

Әзірге Қазақстан командасының қоржынында 51 лицензия бар.

Зарина Арман
Бөлісу: