Велотректен Қазақстан құрамасы - Азия чемпионатының қола жүлдегері

Кеше, 12:20 260

Велотректен Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Командалық із-кесу жарысында Ұлтық құрама спортшылары 3:59.215 уақыт көрсеткішімен 3-ші болып, Қазақстан рекордын жаңартты. Команда сапында Илья Карабутов, Максим Хорошавин, Әлішер Жұмақан, Дмитрий Носков өнер көрсетті.

Бұл сында Оңтүстік Корея жеңімпаз атанса, жапониялықтар күміске қол жеткізді.

Перизат Саденова
Бөлісу: