Велотректен Азия чемпионатының 5-ші жарыс күні өтті

25 Ақпан, 21:35 388

Велотректен Малайзияда өтіп жатқан Азия чемпионатының бесінші жарыс күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, топтық «мэдисон» жарысында қазақстандық Әлішер Жұмақан мен Максим Хорошавин жұбы 5-ші орыннан көрінді. Ал «кейрин» бағдарламасы бойынша бақ сынаған Рамазан Мұхтар 9-шы, Андрей Чугай 5-ші сатыға тұрақтады.

Айта кетейік, сары құрлық бәсекесіне 16 мемлекеттен 306 велошабандоз қатысуда.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: