Велосипед тебу арқылы үйді қуаттандыру

7 Сәуір 2016, 11:40

Қарапайым таңертеңгілік жаттығу арқылы үйіңізді тәулік бойына электр қуатымен қамти алсаңыз, спортпен күнделікті шұғылдар ма едіңіз?

Қарапайым таңертеңгілік жаттығу арқылы үйіңізді тәулік бойына электр қуатымен қамти алсаңыз, спортпен күнделікті шұғылданар ма едіңіз?

Адамдар электр қуаты қымбат деп шағымданудан жалықпайды. Сондай-ақ олардың жаттығу жасауға да уақыты жоқ. Инновациялық велосипед әлемнің басты мәселелерінің бірін шешеді: ол 1,3 миллиард адамға жарық сыйлайды. «Free Electric» деп аталатын құрылғының құны 100 доллардың айналасында болады. Велосипедтің құрылысы өте қарапайым. Адам тепкішті (педаль) айналдыру арқылы генераторды қозғалысқа келтіретін дөңгелекті іске қосады. 

Велосипедті жасап шығаруға үш жыл жұмыс кетті. Конструкция велосипед бөлшектерінен, 12-V батареясынан және айналмалы тоқ генераторынан тұрады. Ал гибрид сынып қалған жағдайда оны велосипед жөндеумен айналысатын кез келген адам жөндей алады.

Әрине, әлем бойынша тепкіш арқылы қуат алу бұған дейін де жүзеге асып келеді. Бірақ, бұл жобаның ерекшелігі оның қуаттылығы мен қол жетімді бағасында. 

Бұл өнертабыс шалғай өңірлерде қолайсыз жағдайда өмір сүретін адамдардың өмірін едәуір жеңілдетеді. Мысалы, үйлерге көптен аңсаған жарық өтіп, тұрғындар ғаламторға қосыла алады.

Аталмыш гибридті велосипедтің құрастырушысы Манодж Бхаргава электр көзін адамдарға тегін жеткізгісі келді. Бір электрикалық құрылғы шағын ауылды жарықпен қамтамассыз ете алады. Ал үлкен қалаларда бұл құрылғы электр көзін үнемдеуге көмектесіп, тіпті адамдарда салмақ артудан сақтайды.

Кәсіпкер бір жылдың ішінде Үндістан бойынша 10 мың велосипед таратқысы келетінін айтты. Бұл Манодж мырзаның жалғыз жобасы емес.  Сонымен қатар ол  АҚШ-та кеңінен танымал 5-hour Energy энергетикалық сусынын шығарып, «Billions in Change» (Миллиардтаған адамдар өзгеруде) деп аталатын қозғалыс бастайды. Оның мақсаты ғаламшардың көкейкесті мәселелерін шешіп, адамзатқа қолайлы өмір сыйлау.


Дереккөз: nationalgeographic.com , rodovid.me

Бөлісу: