16 Қазан 2014, 11:14
Негіздер
Дәстүрлі БАҚ-тағы мақалаларды жазу кезінде журналисттердің қолданатын арнайы формулалары бар. Ал журналдар мен интернет-мақалаларын жазуға келгенде, дәл ондай қатал талаптар жоқ. Веб-мақаланы жазудың негізгі қағидасы: теріс пирамида тәсілі, яғни, ең маңызды заттарды мақаланың басына жіберу.
Түйін (зацепка)
Мақаланың түйіні, яғни, негізгі ойды анықтайтын 1-2 сөйлем, мақаланың басында болуы керек. Ол сөйлем кез келген қалыпта болыпта болуы мүмкін: хабарлы сөйлем, сұрақ немесе дәйек сөз. Оқырманның назарын алатын кез келген сөйлемді қолдансаңыз болады. Оған қоса, мақалаңыз қысқа да болуы қажет.
Кіріспе
Мақаланың кіріспесі әдетте алғашқы абзацта болады. Ол жалпы айтылатын заттардың анық, және қысқа шолуы болуы керек: кім, не, қайда, қашан, неге және қалай деген сұрақтарға жауап беруі қажет. Ол - оқырмандар мақаладан нені біле алатындықтарын, және әрі қарай оқуға тұрарлық па немесе жоқ па, соны көрсетеді. Есіңізде болсын, теріс пирамида!
Негізгі бөлім
Мәтіндегі ең маңызды ойларыңызды бөлек абзацта жазыңыз. Шамамен әрқайсысына 5 жолдан бөлуге тырысыңыз. Сіздің мақалаңыз компьютер мониторынан оқылатын болғандықтан, абзацтарыңыз тым ұзақ болса оқырманыңыз тез жалығып кетуі мүмкін. Әр абзацыңыз шамамен 50-75 сөз көлемінде болғаны жөн және мақаланы абзацтарға бөліп, әрқайсысына тақырыпша қойсаңыз, адамдар өзіне қызықты болған бөлімін оқи алады. Ыңғайы келсе нөмірлер мен маркерлерді қолдануға тырысыңыз. Мақалаңыздың жалпы дизайны әдемі болғаны өзіңізге жақсы.
Оқырмандарыңыздың әртүрлі әлеуметтік топтан келетіндігін ұмытпаңыз. Сондықтан реті келсе қысқартылған сөздердің барлығына қысқаша сипаттамасын жазуды да есіңізге сақтаңыз.
Мақалада өзіңіздің жеке тәжірибеңізбен бөлісуге болады. Алайда, мақала жазушы адамның негізгі жұмысы айтып беру емес, сипаттау екендігін ұмытпаңыз. Оқиғаның себебін көрсетіңіз, мысал келтіріңіз.
Ұзындығы
Әдетте, 1500 сөз газет пен журнал үшін тамаша сәйкес келуі мүмкін, бірақ интернет-мақала үшін ол тым ұзақ; 800 сөзден асырмауға тырысыңыз. Егер жазатын затыңыз көп болып, 800 сөзден әлдеқайда асып кететін болса, бірнеше мақалаға бөліңіз. Интернет-мақаланы оқушылар қысқа, әрі нұсқа жазылған матреиалдарды оқығанды ұнатады.
Тақырып қою
Өкінішке қарай, ең мықты деген іздеу желілерінің алгоритмдері әзілді аса түсінбейді. Қанша жерден тақырыбыңыз сізге ақылды боп көрінгенмен, іздеу желілеріне келгенде қарапайым және іздеуге жеңіл тақырыптарды таңдаған дұрысырақ. Бұл процесте жақсы таңдалған «кілтсөздердің» маңызы аса жоғары. Тақырыптағы қарапайым және анық «кілтсөз» іздеу желілерінде сіздің мақалаңыздың табылуына үлкен ықпалын тигізеді.
Тексеру
Сіз мақалаңызды бір талпыныстан жазып бітірмеуіңіз мүмкін. Негізінен солай болуы да тиіс. Тек сөздердің жазылуын тексеріп шыққан дұрыс емес, мақаланың граматикасы мен жалпы жазылуын тексергеніңіз тиімді болады. Әсіресе, сырттан бір адам жазған мәтініңізді тексерсе, жалғыз қателеріңізді тексеріп қоймай, тыңнан ой да қоса алады.
Қорытынды
Интернетте мақала жазу бірінші рет жазғаныңызда қиын боп көрінуі мүмкін. 2-3 рет жазып, қолыңыз жаттыққаннан кейін тез үйреніп кетесіз. Жаттыққаныңыз сонша, кейде ешқандай себепсіз, ермек үшін жазатын боласыз.
Сурет дереккөзі: seolearninginstitute