Рим Папасының қазасына байланысты Ватиканда дәстүрлі тоғыз күндік аза тұту басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы жерлеу рәсімі мен конклавқа дайындық жабық есік жағдайында өтіп жатыр.
Дегенмен қалада өмір қаз-қалпында жалғасуда. Туристерге де ешқандай шектеулер жоқ.
Айта кетейік, Рим Папасы Франциск 88 жасында бақилық болды. Ол бұл қызметіне 2013 жылы кіріскен. Ол тарихтағы Латын Америкасынан шыққан алғашқы Рим Папасы ретінде белгілі.