«Ваннада шомылған». Ақтауда бір жасар қыз көз жұмды

20 Қараша, 12:10 948

Бір жасар бала Ақтаудағы ваннада шомылу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 29а шағын аудандағы көпқабатты үйдің пәтерінде болды. 

29 шағын аудандағы 3 үйден шақыру 4 қарашада сағат 22:38-де келіп түсті. Әкесінің айтуынша, нәресте ес-түссіз болған. Одан 15-20 минут бұрын, бала ойыншықтарымен су толтырылған ваннаға шомылған. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін нәресте қайтыс болды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: