13 Қазан 2014, 03:11
Ван Гог көзі тірі кезінде тек бір ғана суретін сатқан.
Әңгіме 1888 жылы салынған «Арльдің алқызыл жүзімі» атты картина төңірегінде. Қазір ол Мәскеудегі А.С.Пушкин атындағы бейнелеу өнері музейінде тұр. Бұл картинаны кезінде Винсенттің досы Эженнің қарындасы Анна Бош сатып алған.
Ван Гог әкесінің жолын қуып, дін қызметшісі де болған.
Ол әкесі сияқты дін қызметшісі болуды армандап, Інжіл мектебіне түспек болады. Осы мақсатта Винсент миссионерлік тәжірибеден де өтті. Кейіннен бұл оқу ақылы болып шықты және бұл жайт Винсентті ренжітті. Сол себепті ол дінді тастап суретші боламын деп шешті.
Ван Гог сурет салуды тек 27 жасында бастады.
Оған дейін ол дінге берілді. 1886 жылы Парижге қоныс аударғанда Ван Гог танымал импрессионист суретшілермен танысты. Оның жапон өнеріне деген махаббаты және ынтасы оған қатты әсер етіп, ол жарқын түстермен тәжірибе жасай бастады.
Суретші жиі қолданған түстердің медициналық негіздемесі бар
Ғалымдарды пайымдауынша, Винсент Ван Гог картиналарындағы сары түстің тым көп болуын медициналық себептермен түсіндіруге болады. Бұл пайымдау бойынша, суретшінің сары түске деген ерекше көңілі оның эпилепияға қарсы дәріні үлкен көлемде қабылдауынан.
Ван Гогтың ең қымбат картинасы белгілі бір уақыт Герингтің иелігінде болды
Винсент Ван Гогтың «Дәрігер Гашенің портреті» картинасы 10 жыл бойы әлемнің ең қымбат картинасы атағын ұстап тұрды. Жапониядан шыққан кәсіпкер Риоей Саито (қағаз өндіретін ірі компанияның иесі) 1990 жылы картинаны $82 млн. ақшаға сатып алды. Картина иесі өз мұрасында, қайтыс болғаннан кейін туындыныңөзімен бірге өртенгенін қалайтынын айтқан. 1996 жылы Риоей Саито қайтыс болды. Шын мәнісінде, картинаның өртелмегені анық, алайда оның қайда екенін ешкім білмейді. Суретші бұл картинаны екі нұсқада салды деген пікір де бар.
Негізінде, бұл «Дәрігер Гашенің портреті» тарихының бір ғана фактісі. Тағы да мынадай бір қызық факт бар. 1938 жылы Мюнхенде өткен «Құлдырап жатқан өнер» атты көрмеден соң картинаны нацист Геринг сатып алған. Алайда ол көп ұзамай бұл туындыны бір голландиялық коллекционерге сатып, кейіннен картина АҚШ-тан бір-ақ шығады. Одан соң, әрине бұл картинаны Саито сатып алады.
Ван Гог картиналары – ең жиі ұрланатын өнер туындылары қатарында
2013 жылы АҚШ-тың Федералды Тергеу Бюросы (ФБР) әлем бойынша мойындалған туындылардың аты шулы 10 ұрлығы тізімін жариялаған кезде, тізім ішіндегі ең қымбат екі картина осы Ван Гогтікі болатын: «Шевингендегі теңіз көрінісі» және «Ньюнендегі шіркеу». Бұлардың әрқайсысы $30 млн төңірегінде бағаланады. Бұл екі картина да 2002 жылы Амстердамдағы Винсент Ван Гог музейінен ұрланды. Күдікті ретінде екі ер адамның ұсталғаны белгілі, алайда олардың кінәсін дәлелдеу мүмкін болмады.
2013 жылы Египеттегі Мұхаммед Махмұд Халиль музейінен басшылықтың салғырттығынан Винсент Ван Гогтың «Көкнәр» картинасы ұрланды. Сарапшылардың бағалауынша бұл өнер туындысы $50 млн бағаланады. Өкінішке орай картина әлі қайтарылмады.
Ван Гогтың құлағын Гоген кесіп алған болуы мүмкін
Құлақтың кесілуіне байланысты оқиға Ван Гогтың көптеген биографтарына күмән келтіреді. Мәселенің мән жайы мынада, егер суретші құлағын түбінен кесіп тастаса, ол қансырап, өліп кетуші еді. Шын мәнісінде құлақты ұшы ғана кесілген. Бұл туралы дәрігерлік қорытындыда жазылған.
Құлақтың кесілуі Ван Гог пен Гоген арасындағы кекілжің кезінде орын алды деген нұсқа бар. Бұл нұсқа бойынша, Гоген, Ван Гогпен төбелесе жатып, оның құлағын жарақаттаған, ал Ван Гог болса осы үшін есінен айырылған. Өзін ақтап алу үшін Гоген өтірік оқиға ойлап тауып, Ван Гог өз құлағын өзі кесті деген жалған аңыз таратты.
Суретші Ван Гогпен танысу үшін El.kz редакциясы әзірлеген өзге де мақалалармен таныссаңыз болады:
1. Ван Гог әлемі. Винсенттің өмірбаяны.
2. Ван Гог әлемі. Винсенттің туындылары.
3. Ван Гог. Жан біткен суреттер (Мультимедиалық көрмедегі суреттер)