Ван Гог әлемі. Винсенттің өмірбаяны

13 Қазан 2014, 03:16

Протестанттық пастордың ұлы Винсент кішкентай кезінен бастап, өзі жататын және батрактар мен шаруалар қайыршылыққа жеткізген орта таптың айырмашылығын сезіп өсті.

Винсент Виллем Ван Гог  - постимпрессионизм бағытындағы голландиялық суретші. Ол 1853 жылы 30 наурызда Голландияның солтүстігіндегі ірі аграрлық өңір Грут Зундертте дүниеге келді. Протестанттық пастордың ұлы Винсент кішкентай кезінен бастап, өзі жататын және батрактар мен шаруалар қайыршылыққа жеткізген орта таптың айырмашылығын сезіп өсті. 1869 жылы он алты жасында мектепті бітіріп, өзінің ағасы еңбек ететін атақты «Гупил және Си» (Goupil et Cie) галереясында жұмысқа орналасты. Ол жерде Винсент өнер әлемінінің коммерциялық қыр сырымен танысты. Ол көрмелер ұйымдастыруымен, түпнұсқа бұйымдар мен көшірмелерді сатумен айналысты және өнер туындысының бағалары қаншалықты екендігіне көз жеткізеді. Бұл галереяда Винсент алты жыл жұмыс істеді. Бұл уақыт аралығында ол Лондон мен Парижге барды, өнер туындысының түрлі бағыттарын зерттеді. Жас Ван Гогты Жан-Франсуа Милле және барбизон мектебінің суретші-реалистері қатты тамсандырды.

Жиырма жасында ол сурет өнеріне деген бейімі бар екенін байқады, бірақ өзіне толық сенімді емес еді. 1876 жылы Ван Гог махаббат азабына түсті, тіпті галереядағы жұмысын да тастап кетті. Одан кейін төрт жыл ішінде Винсент діни білім алып теологияны зерттеді. Ол тіпті біраз уақыт миссионер болып та қызмет атқарды, бірақ өз миссиясын атқарудағы артық ынтасының кесірінен бұл қызметінен кетіп тынды.

1880 жылы 27 жасында Винсент өнерге түпкілікті бет бұрды және бұл салада да басқа бастамаларындағы сияқты аса жігерлікпен еңбектене бастады. Ван Гог импрессионистер мен постимпрессионистерден шабыт алды. Сурет өнеріндегі ХІХ ғасырдағы бұл бағыттар Моне, Писсаро, Бернара және Гоген еңбектерінде орын алды және сол кезеңдегі көптеген суретшілерге үлкен ықпал етті.

Ван Гог небәрі он жыл белсенді түрде осы өнермен айналысса да өзіне жоғары талап қоя білетін және үлкен еңбекқорлықпен екі мыңнан астам түрлі өнер туындысын, оның ішінде 930 картина, 1100 сурет және көптеген нобайларын дүниеге әкелді. Осы көптеген еңбектерінің ішінен Ван Гогтың тек бір ғана картинасы – «Арльдің алқызыл жүзімі» - автордың көзі тірісінде сатылды. Белгілі коллекционер Анна Бош бұл картинаны 1890 жылы «Брюссель Арт Экспо» көрмесінде төрт жүз франкке сатып алды, бұл шамамен 1900 АҚШ долларына пара пар сома.

Ал қазіргі уақытта Ван Гогтың суреттері бүкіл дүние жүзінде аукциондарда миллиондаған долларға сатылады. Мысалы, «Доктор Гашенің портреті» адам нанғысыз ақшаға сатылды және бүгінгі таңда әлемдегі ең қымбат картиналардың бірі болып саналады. 1990 жылы 15 мамырда танымал филантроп, тегі неміс, «Лиссер және Розенкрантц Банкінің» иесі, Нью-Йорк банкирі Зигфрид Крамарски, бұл картинаны Риойю Саито деген жапон кәсіпкеріне 82,5 миллион долларға сатты. 

Суретші Ван Гогпен танысу үшін El.kz редакциясы әзірлеген өзге де мақалалармен таныссаңыз болады:

1. Ван Гог әлемі. Винесенттің туындылары.

2. Ван Гогтың өмірі мен шығармашылығы туралы 7 факт. 

3. Ван Гог. Жан біткен суреттер. (Мультимедиалық көрме суреттері).

Бөлісу: