Валюта бағамы: доллар мен рубль арзандады

8 Маусым 2023, 10:00 851

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 443- 449 теңгеден бағалануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5– 447,5 теңге. Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр. 7 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 19 теңгеге төмендеп, 446,56 теңге болған.

Ұлттық банктің 8 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 446,65 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,49 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,39 – 5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35 - 5,5 теңгеден сатылуда.

Равиль Ашығали
Бөлісу: