Валюта айырбастау орындарында теңге бағамы нығайды

19 Тамыз 2022, 10:08 1803

Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,94 теңге

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471-479 теңгеден саудаланып жатыр, – деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471-476 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Алматыда доллар бағамы 475-479 теңге аралығында құбылып тұр.

18 тамыз күнгі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге төмендеп, 476,01 теңге болған.

Ұлттық банктің 19 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 475,94 теңге.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35-7,55 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу: