Қазақстандық Валентина Хальзова бокстан Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Хальзова жастар арасындағы әлем чемпионы, түркиялыққ Бусра Исилдарды жеңді.
Қазақстандық боксшы үш раунд бойы басымдық танытып, ширек финалға өтті.
Енді ол 11 наурыз күні шаршы алаңға шығады.