«Вагнер» сапын толықтырған қазақстандық елімізде әскерге жарамсыз деп танылған

25 Сәуір 2023, 14:52 927

Ресейдің «Вагнер» жеке әскери компаниясының сапын толықтырған қазақстандық Марғұлан Бекенов ҚР Қарулы күштерінде қызмет етуге жарамсыз деп танылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров айтты.

Ол (ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандық) Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге жарамсыз болып танылған. Негізгі ақпаратқа келсек, онымен айналысатын өзге органдар бар, құқықтық бағаны солар береді, - деді Әбубәкіров.

Бұған дейін ҚР СІМ өкілі Айбек Смадияров Ресей мен Украина әскерінің қатарына қосылғысы келетін қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Ведомство қызметкері ол үшін 5 жылдан 9 жылға дейін жаза қарастырылғанын да еске салды. 

Ал Бекеновтің өзі бұл шешімді өз еркімен қабылдағанын, оны ешкім мәжбүрлемегенін айтты

Мадина Асылбекова
Бөлісу: