Медальдарды V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, медаль қола қорытпасынан жасалған. Медальдің ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі - ат үстіндегі Күн басты адамның таңбасы бар.
Медальдың контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар, - деді спикер.