«Үздік педагог»: жеңімпазға 3,4 млн теңге беріледі

2 Тамыз 2023, 16:17 3935

«Үздік педагог» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады.

Ал үздік мұғалімге берілетін сыйақы мөлшері 1000 еселенген АЕК мөлшеріне (немесе 2023 жылға 3 450 000) тең.

Сыйақыны алу үшін мұғалімдер конкурс нәтижелері жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға қолма-қол немесе электронды форматта мынадай құжаттар ұсынады:

жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

иегердің таңдауы бойынша екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттың нөмірі туралы мәліметтер.

Құжаттар толық және сенімді болған жағдайда, олар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей сыйақы иегердің ағымдағы шотына аударылады, - делінген мәліметте.

Қатысушыларды тіркеу және құжаттарды қабылдау сілтеме бойынша жүзеге асады: https://uzdikustaz-nobd.iac.kz/#/sign-in?redirectURL=%2Fsettings

Конкурс туралы толығырақ ақпарат сілтемесі: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V15H0010279#z136

Мадина Асылбекова
Бөлісу: