Ұйқысыздықтан арылу үшін не істеу керек? Маман кеңесі

28 Сәуір, 18:23 516

Сомнолог Мартин Сили биологиялық сағаттан үш күнде қалай құтылуға болатынын түсіндіреді. Бұл туралы «Чемпионат» сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұйқысы қанбаған адамға ағзасын қалыпқа келтіру үшін бірнеше түн бойы сапалы ұйқы керек екенін білесіз бе?

Бірінші күн: сенбі

Таңертең ұйқыдан тұрғанда міндетті түрде 30 минуттық жаттығу жасаңыз.

Күні бойы қажетті күш-қуатқа ие болу үшін кемінде екі литр су ішіңіз.

Жарықты қолдану арқылы немесе одан түбегейлі бас тарту арқылы күні бойы алған түрлі әсерлі сәттерді есіңізге түсіріп отырыңыз.

Уақтылы ұйқыға жатыңыз. Егер ұйқыңыз келмесе, онда көз алдыңызға оңай елестетуге болатын кездейсоқ заттарды ойлаңыз, ол картоп бола ма, әлде музыкалық құрылғы бола ма, айырмашылығы жоқ. Бұл сіздің миыңызды шаршатып, ұйықтауға кедергі келтіріп жатқан мәселелерді ұмыттырады.

Екінші күн: жексенбі

Ұйқыдан ояна сала перделерді ашыңыз.

Сыртқа шығып таза ауамен тыныстаңыз, бұл D дәруменін арттыру үшін де таптырмас тәсіл.

Егер күндізгі уақытта ұйықтап аламын деп шешсеңіз, көзіңізді 10-20 минутқа ғана іліп алған жөн, одан асырмаған дұрыс.

Кез келген алкогольдік ішімдік ішуден бас тартыңыз.

Үшінші күн: дүйсенбі

Күніңізді міндетті түрде таңғы астан бастаңыз. Күш-қуатыңызды арттыру үшін ақуыздар мен майларды жеткілікті құрамда тұтыну керек. Айталық, жұмыртқа, майсыз ет пен авокадо ең пайдалы таңғы ас саналады.

Ұйқыға кетерден бес сағат бұрын кофе ішуді тоқтатыңыз.

Стресс гормонын бәсеңдету үшін адамға босаңсу қажет, ұйықтайтын бөлмеңізде соған лайық атмосфера жасаңыз.

Жаңбыр дыбысын қосып, терең ұйқыға кетуге болады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: