"Үйлену тойымды жасаймын". Айқын Төлепберген ел күтпеген мәлімдеме жасады

8 Қаңтар, 13:12 3090

Әнші Айқын Төлепберген той жасайтынын айтып, жақсы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айқын Төлепберген әнші-актриса Жұлдыз Өмірғалимен бас қосып, карантин кезінде ұзатып алып кеткен еді.

Әр адам алдына үлкен мақсат қояды ғой. Кино түсіріп, үй салып біттік. Ендігі мақсат – той жасау. Бұйырса, үйлену тойымызды жасаймыз. Тойды кім жүргізетіні де белгілі. Тұрсынбек Қабатовтың уақыты болса, сол жүргізеді. Креатив көп болады. Бәрін айта бермеймін. Той қызығы алда, – дейді өнер иесі. 

Айта кетейік, Жұлдыз Өмірғали - Айқынның екінші жұбайы.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: