Таукенттіктер игі іс жасап, үйсіз қалған жерлестеріне он бес күнде ақша жинап, үш бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Астана телеарнасының мәліметінше, 5 желтоқсан күні Айбала Құдиярованың баспанасы өртке оранған болатын. Салдарынан барлық бөлмелері жанып кетті және үйдің шатыры толықтай зақымданды. Тілсіз жаудың кесірінен баспанасыщз қалған отбасыға жерлестері пәтердің кілтін табыстап, қуанышқа кенелтті.
Небәрі 4 күн ішінде қаражат көлемі 10 млн теңгеге жеткен. Оның көбісін жанашыр азаматтар берген.