«Үстелден құлаған». Петропавлда 3 жасар баланың көзіне пышақ кіріп кетті

Кеше, 12:26 337

Петропавлда көпсалалы облыстық балалар ауруханасына ауыр жағдайда көзіне пышақ кірген бала жеткізілді, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға 19 желтоқсанда болған. Анасының айтуынша, үстелден құлағанда баланың көзіне пышақ кіріп кеткен. Пышақты алаған кезде, ол есінен танып қалған.

Бірден реанимациялық іс-шаралар басталды,  жүрек-өкпе қызметі қалпына келтірілді. Нейрохирург пен офтальмолог дәрігерлер көмекке келді, - делінген аурухана таратқан ақпаратта.

Балада ашық бас миының жарақаты, мидың, көздің ауыр жарақаты бар. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: