Ұстаздар TikTok-та танымдық бейнеролик арқылы білім мазмұнын насихаттады

23 Желтоқсан 2022, 15:05 1608

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті

Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы #ҚазақстанМұғалімдері байқауының жеңімпаздарына смартфондар табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok компаниясы биыл 6 қазан мен 1 желтоқсан аралығында TikTok-та өз пәні бойынша танымдық бейнероликтерді жариялау арқылы білім мазмұнын насихаттаған үздік мұғалімдерді анықтады.

Жеңімпаздарды ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен TikTok өкілдері құттықтады.

Олар мұғалімдерге бағалы сыйлықтарды, атап айтқанда, iPhone 13 Pro Max смартфондарын, сондай-ақ контент авторы ретінде одан әрі дамып, жаңа табыстарға жетуге көмектесетін таланттарды дамыту бағдарламасына шақыруды табыс етті.

«Сіздер интернет беттерінде қазақ тілінде білім беру контентін жасап, оны насихаттап жүрсіздер. Біз үшін білім саласын танымал ету, оны дамыту маңызды. Елімізде әлеуметтік желіні пайдаланатын мұғалімдер көп, соның арқасында еліміздің түкпір-түкпіріндегі балалар онлайн форматта жаңа білім ала алады. Жетекші TikTok платформасының өкілдері ұстаздарымыздың бастамаларын жоғары бағалап, қазақстандық мұғалімдер үшін байқаулар ұйымдастырып жатқаны қуантады. Бұл - Tiktok платформасында білім беру мазмұнын бірлесіп ілгерілетуге қосымша ынталандыру», - деп айтты ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

EL.KZ
Бөлісу: