Ұстаздар күніне сыйлық. Ер адам ұстазына екі бөлмелі пәтер сыйлады

5 Қазан 2023, 10:45 2355

Самарқандта жергілікті тұрғын ұстазына мереке қарсаңында пәтер сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ана тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беретін Умида Муминова Самарқандтың №1 жалпы білім беретін мектебінде жұмыс істейді. Ол жаңа пәтер алмақ болып, құрылыс компанияларына барған. Бірақ құрылыс компаниясын басқаратын кәсіпкер өзінің оқушысы екенінен хабарсыз болған. Енді ол іші жиһаз, техникаға толған жаңа екі бөлмелі пәтердің иегері атанды.

Әлеуметтік желіде видеосы жарияланды.

Мұнда жаңа үйлер салынып жатқанын біліп, қызығушылық таныттым. Бір таңғаларлығы, құрылыс компаниясының директоры бұрынғы оқушым болып шықты. Бірнеше күннен кейін маған қоңырау шалып, құжаттарды қалдыруымды өтінді. Олар бұл сыйлық екенін айтты, - деді Умида Муминова.

Аты-жөні белгісіз кәсіпкер мұғалімдерге алғысын білдірді.

Олар үлкен құрметке лайық. Біздің мұғалім шын жүрекпен сабақ беретін. Оның арқасында осындай адам болдым деп ойлаймын, - деді ер адам.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: