Ұшқыштар Петропавл мен Оралға гуманитарлық көмек жеткізді

16 Сәуір, 19:17 611

Көктемгі су тасқыны басталғаннан бері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштары зардап шеккен өңірлердің тұрғындарын эвакуациялауға, мамандар мен жүктерді тасымалдауға жұмылдырылды. Бүгін ұшқыштар Птеропавл мен Орал қалаларына гуманитарлық гума жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік авиациясының бортымен Алматыдан Оралға салмағы бес тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Ал Петропавлға елордадан екі С-295 ұшағы ұшып жетті, олар су апатынан зардап шеккен тұрғындарға он тонна азық-түлік, қажетті заттар мен дәрі-дәрмектерді тасымалдады. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, өткен демалыс күндері Астана қаласынан Атырау облысына Әуе қорғанысы күштерінің С-295 екі бортымен елорданың кәсіпкерлері атынан он тонна гуманитарлық көмек әкелінді.

Айта кетсек, 27 наурыз бен 15 сәуір аралығында әскери ұшқыштар 2 951 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 811 баланы эвакуациялады. Су тасқынына қарсы шараларға жұмылған қызметтердің 998 өкілін және 165 тоннадан астам жүкті жеткізді. 

Қарулы күштердің әскери қызметшілері су тасқыны салдарын жоюға және апаттан құтқару жұмыстарына қатысуды жалғастыруда.

Зарина Арман
Бөлісу: