Үшінші алтын: Сағындық Тоғамбай - Азия чемпионы

11 Желтоқсан, 16:00 600

Отандасымыз Сағындық Тоғамбай Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама спортшысы 92 келіде ақтық сында Парвиз Каримовтің (Тәжікстан) осал тұсын тапты.

Ханчжоудағы Азия ойындарының қола жүлдегері алғашқы және екінші раунда қарсыласын есеңгіретіп тастады. Осыдан кейін де ауыр соққыларымен Каримовке ес жиғызбады.

Бұл Чиангмайдағы Қазақстан ерлер құрамасының еншісіндегі 3-алтын медаль. Бұған дейін Махмұд Сабырхан (54 кг) мен Бекзат Нұрдәулетов (86 кг) әнұранымызды шырқатқан.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: