Ұшақта инсульт алған Жапония азаматы ауруханадан шығарылды

10 Қыркүйек, 10:55 356

Инсульттан кейін Астананың №2 қалалық көпбейінді ауруханасында ем қабылдаған Жапониядан келген науқас бүгін шығарылды. Оның жағдайы орташа ауырлық дәрежеде деп бағаланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, тамыз айында Токио-Цюрих бағытындағы ұшақ жолаушы инсульт алғаннан кейін Астанаға шұғыл қонды. Науқас ауыр жағдайда реанимацияға жатқызылған болатын.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: