Ресейлік Baza телеграм-арнасы апат болған ұшақтың бортындағы жолаушылар тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары болған. Жолаушылардың басым бөлігі Әзербайжан азаматтары екені айтылған.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы 12 адам түрлі жарақатпен Ақтаудағы облыстық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Он екі адамның біреуі бала.
Алдын ала болжам бойынша, Embraer 190 ұшағы құстармен соқтығысқан.
Фото: Baza
Ұшақта экипаж мүшелерін қосқанда 67 адам болған.