Ұшақ бортында шылым шеккен Қытай азаматы ұсталды

21 Шілде 2023, 14:30 663

Ұшақ бортында темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы – Көкшетау бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Qazaq Air әуекомпаниясының өкілдері құқық бұзған жолаушыны Көкшетау қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне берді, - делінген Polisia.kz ақпаратында.

Полиция қызметкерлері ұшақ бортында темекі шеккен ҚХР-ның 48 жастағы азаматын анықтады.

Оқи отырыңыз:

Аталған факт бойынша шетел азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-2-бөлігімен 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: