Олар компанияның еншілес және мердігер ұйымында қызмет еткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы Ақтау қаласындағы ұшақ апатынан қаза тапқан марқұмдардың отбасылары мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтады. «Azerbaijan Airlines» әуе компаниясының апатқа ұшыраған ұшағында қаза болған жолаушылардың арасында біздің әріптестеріміз де бар екенін күйзеліспен хабарлаймыз, - делінген компания мәліметінде.
Жұмагұлов Бауыржан Жұмабайұлы, «Өзенмұнайсервис» ЖШС жұмысшысы, 4-ші дәрежелі бұрғышының көмекшісі. Бауыржан компанияда 2018 жылдан бері еңбек еткен, өзін адал және білікті маман ретінде көрсетті. «Өзенмұнайсервис» ЖШС — ҚМГ-ның еншілес мекемесі.
Төлесінов Сәндібек Екібайұлы, «МұнайФилдСервис» ЖШС механикалық-энергетикалық бөлімнің инженері. Сәндібек салада 16 жыл еңбек еткен. «МұнайФилдСервис» ЖШС — «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның мердігер ұйымы.
Көлік министрлігінің мәліметінше, апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортында 37 Әзербайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 Ресей азаматы болған.