Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы ұшақ апатынан қаза тапқан 4 адам туралы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар жеті адамның ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатқаны мәлім болды. Соңғы ақпарат бойынша тірі қалғандар саны 28-ге жетті, ионың екеуі - бала.
Ақтау қаласы маңында болған қайғылы оқиғаның себеп-салдарын тексеру үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Дереккөз мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан азаматтары болған. Жолаушылардың басым бөлігі Әзербайжан азаматтары екені айтылған.