Ақтау маңында құлаған ұшақта қаза тапқан қазақстандықтардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олардың қатарында 11 жастағы ұлымен бірге қаза тапқан астаналық Гауһар Шаймерденова да бар. Тележүргізуші Санди Сұлтан Гаухармен 9 жыл бұрын танысқанын айтады.
Өте мейірімді, қамқор, ұқыпты, шынайы, әдемі жасыл көз иесі еді. Өте мықты, тәуелсіз, еркін, саяхаттауды жақсы көретін", - дейді Санди Сұлтан.
Тележүргізуші Гауһар Шаймерденованың нотариус болып жұмыс істегенін, ұлдарын жақсы көргенін, сондай-ақ анасына қамқор болғанын айтты.
Достарына аса қамқор еді. Біз бәріміз отбасыларымызбен дос едік. Бізге сыйлықтар әкелетін, - дейді тележүргізуші.
11 жасар Эльдар Жұмағат Астанадағы мектептердің бірінде оқыған. Мұғалімдер оны талантты, мейірімді және еңбекқор бала ретінде сипаттап, онымен араласқандардың жүрегінде жарқын естелік қалғанын айтады.
Марқұмдардың бірі – Сәндібек Екібайұлы Төлесінов, 1988 жылы туған. Маңғыстау өңірінің тумасы, мұнайшы болып еңбек еткен.Оның артында жұбайы және 4 баласы қалды.
Қазақ тапқан қазақстандықтардың бірі 29 жастағы Салима Жұтаева Қостанай облысының тумасы. Қарағанды қаласында тұрған. Стоматолог болып қызмет еткен. Саяхаттағанды ұнататынын әлеуметтік желідегі парақшасынан байқауға болады.