Ұшақ апатын Қазақстан тарапы тергейтін болады

25 Желтоқсан, 23:44 358

Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуді Қазақстан жүзеге асыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Барлық тергеу Қазақстан Республикасының юрисдикциясында болады. Әуе апаты Қазақстан Республикасында болды, барлық тергеу Бас Прокурордың қатаң бақылауында. Бұл туралы Мемлекет Басшысы тиісті тапсырмалар берді, — деді Қанат Бозымбаев Ақтау қаласында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-премьер оқиға орны қорғауға алынғанын атап өтті.

Перизат Саденова
Бөлісу: