Ұшақ апаты: қаза тапқан борт экипажының мүшелері Әзербайжанның ұлттық батыры атанды

30 Желтоқсан 2024, 08:26 533

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан қайтыс болған ұшқыштар Игорь Кшнякинге, Александр Кальяновқа және бортсерік Хокюме Алиеваға Әзербайжанның ұлттық батыры атағы берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Azerbaijan Airlines әуе компаниясы хабарлады.

Ал апаттан аман қалған бортсеріктер Айдан Рагимли мен Зульфугар Асадов президент Ильхам Әлиевтің өкімімен бірінші дәрежелі «Рашадат» орденімен марапатталды.

Бұған дейін Әзербайжанда қайтыс болған екі ұшқыш пен бортсерік жер қойнына табысталды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан зардап шеккендерге шұғыл көмектескен қазақстандықтарды марапаттады.

Перизат Саденова
Бөлісу: