Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді

Кеше, 15:32 495

28 желтоқсанда Ақтау қаласына Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері және мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері ұшып келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, Тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтті, онда бірлескен міндеттер айқындалды.

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) - азаматтық авиацияда болған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган, - делінген мәліметте.

Естеріңізде болса, Ақтау әуежайының маңында апатқа ұшыраған әуе кемесін бразилиялық Embraer компаниясы жасап шығарған. Олардың өкілдері кешелі бері Қазақстанда жүр.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: