Ұшақ апаты: 9 ресейлік еліне қайтты

Кеше, 11:17 286

Ақтауға Ресейден ұшақ апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін медицина қызметкерлер мінген борт ұшып келген болатын. Бүгін олар түрлі деңгейдегі жарақат алған 9 отандасымен бірге елдеріне қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған Риа Новости мәліметінше, Қазақстанда ұшақ апатынан зардап шеккен ресейліктер бар арнайы рейс Ақтаудан Мәскеуге ұшты. Эвакуацияланған 9 зардап шеккендердің арасында бір бала бар.

Қазақстаннан Мәскеуге эвакуацияланып жатқан апатқа ұшыраған ұшақ жолаушыларының жағдайы ауыр, бірақ тасымалдауға жарамды, оларға ұшақ бортында барлық қажетті медициналық көмек көрсетіледі, - деп хабарлады Ресей ТЖМ "Центроспас" жасағының анестезиолог-реаниматологы Виктор Белинский.

Сондай-ақ Ақтауда вице-премьер Қанат Бозымбаев бастаған үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілендігін айтты.
Мөлдір Қайнар
Бөлісу: