Үш жастағы бала терезеден құлап кетті

28 Мамыр, 12:52 670

Екібастұзда үш жастағы бала терезеден құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Оқыс оқиға қаладағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.

Бала үйдің үшінші қабатынан құлаған. Жедел жәрдем бригадасы жеделділіктің бірінші дәрежесі бойынша шығып, төрт минутта оқиға орнында болды. Зардап шегуші Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылды, – деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем қызметкерлері. 

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, баланың жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Ажар Лаубаева
Бөлісу: