Үш тілді Қазақстанда төртінші тіл ретінде қытай тілі қосылатыны рас па?

19 Мамыр 2023, 16:04 854

Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде қытай тіліне қатысты сұраққа Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов жауап берді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Брифингте журналистер тарапынан вице-министрге «Елімізде халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазір үш тілде қызмет көрсетеді. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Енді оған қытай тілі қосып жатыр екен. Себебі неде? Қытай мен Қазақстан арасындағы Президент қол қойған визасыз режимге байланысты ма әлде басқа себебі бар ма? Не үшін төртінші тіл ретінде басқа тіл емес, дәл қытай тілі қосылып жатыр?» деген сұрақ қойылған болатын.

Бұл жалған ақпарат екенін айтқым келеді, - деп жауап берді Әсет Тұрысов.

Миражан Махан
Бөлісу: